Таукенова Алия Сембековна 1981 жылдың 24 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. 1998 жылы орта мектепті аяқтап, сол жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика факультетіне «Физика» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2003 жылы осы оқу орнын аталмыш мамандық бойынша тәмамдады. 2005 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистратурасын, ал 2011 жылы докторантурасын аяқтап, «6D060400 – Физика» мамандығы бойынша ”Жалпы салыстырмалылық теориясында оптикалық-механикалық ұқсастықты зерттеу” тақырыбында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Ғылыми жетекшілері – ф.-м.ғ.д., профессор Абдильдин М.М. 2006–2011 жылдар аралығында теориялық физика кафедрасында маман қызметін атқарды. 2012 жылдан бері теориялық және ядролық физика кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар, осы кезеңде университеттің қабылдау комиссиясында техникалық хатшы ретінде де өз міндетін абыроймен атқарды. 2025 жылдың 21 ақпанында №202 бұйрыққа сәйкес Алия Сембековнаға қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді. Ғылыми жетістіктері де айтарлықтай: халықаралық рецензияланатын журналдарда Scopus базасына енген 13 ғылыми мақаласы, ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған басылымдарда жарияланған 12 ғылыми еңбегі, сондай-ақ «Жалпы салыстырмалы теория негізінде оптикалық-механикалық аналогияны зерттеу» атты монографиясы және 5 оқу құралы жарық көрген. Оқу және еңбек жолында Таукенова А.С. өзін жоғары жауапкершілікке ие, білімге құштар, үнемі кәсіби дамуға ұмтылатын білікті маман ретінде танытты. Ол берілген тапсырмаларды сапалы әрі уақытында орындайды, ұжымда беделге ие, көпшіл, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады және әріптестерімен жақсы қарым-қатынас орната біледі. Факультеттің қоғамдық өміріне белсене араласады. 2015 жылдан бері кафедрадағы сапа менеджменті жүйесінің (СМЖ) құжаттарына жауапты, ал 2019 жылдан бастап кафедраның академиялық комитет мүшелігінің жауапты қызметкері болып еңбек етіп келеді.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
әл-Фараби атынд.ҚазҰУ |
Магистратура |
2005 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
16.02.2013 |
Ғылыми атағыңыздың атауы |
Тағайындалған күні |
---|---|
қауымдастырылған профессор (доцент) |
21.02.2025 |
13
құжаттар
2